Шымкентте 101 мыңнан астам оқушы мектепте тегін тамақтанып жатыр

0
591

Мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушылары жүз пайыз ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі бар.


Шымкентте 101 мыңнан астам оқушы мектепте тегін тамақтанып жатыр

Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ берілу басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған дейін тегін бір мезгіл ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай берілген болса, енді мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушылары жүз пайыз ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі бар.

Бүгінде қаладағы мемлекеттік білім беру ордасындағы - 88 657, жекеменшік мектептердегі 12 500 бастауыш сынып оқушысына тегін тамақ берілуде. Оған қосымша мемлекеттік білім ұяларындағы 28 367 жоғары сыныптың әлеуметтік жағдайы төмен отбасының мүшелері тегін тамақтануда.
Мектеп асханаларының ас мәзірі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі арқылы арнайы талаптар сақтала отырып, қалалық білім басқармасымен жасақталып ұсынылған.