Індет жұқтырған 1 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 10 адам үй бақылауына алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде белгілері бар 8, белгілері жоқ 3. Індет жұқтырған 1 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 10 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 463 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, 295 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 168 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –136 төсек орын бар, 25 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 2 571 адам вакцина алды (I компонент-766, II компонент-805). Егу науқаны басталғалы барлығы 573 177 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 537 852 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Ал, бүгінгі күнге Rfizer вакцинасының I компонентін 2 701 адам қабылдады.