Әйел үйдің 14-қабатынан құлап кеткен.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында азиат нәсілді әйел 14-қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk-uko.kz арнасына сілтеме жасап.
6 тамыз күні таңғы сағат 7:00 шамасында Шымкент қаласындағы Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысында 40-45 жас шамасындағы азиаттық әйелдің денесі табылды.
Анықтамалар бойынша, әйел үйдің 14-қабатынан құлап кеткен. Қайғылы оқиғаның себептері анықталу үстінде.