Шымкентте 16 жастағы скутер жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

0
763

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.


Шымкентте 16 жастағы скутер жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

9 қараша күні Шымкент қаласында сағат 19:40 шамасында «Самал-3» шағын ауданындағы Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында «Zhweki» скутері мен «Kia Optima» көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша СДТБТ-не тіркелді.Тексеру барысында скутердің жүргізушісі негізгі жолдың қиылысына шығып, оның бойымен келе жатқан көлікке жол бермей, сол көлікпен соқтығысқаны анықталды.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.