Оның ішінде 65 114 адам вакцинаның екі компонентін алған.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында егу науқаны басталғалы барлығы 161 604 адам вакциналанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 65 114 адам вакцинаның екі компонентін алған. 16 мамыр күні КВИ-дің 86 жағдайы тіркеліп отыр. 16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 70 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6). Төсек-орын толымдығы – 48 %, 727 төсек-орын бос.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 16 мамыр күні 519 нысанға (517 кәсіпкерлік нысан, 2 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шаһарда сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын 22 мобильдік топ жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзге өңірлермен салыстырғанда белсенді жүргізілуде.