Нәтижесінде әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған.
Шымкент қаласында 18 жүк вагоны аударылып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 11 мамыр күні сағат 16:37-де ҚТЖ кезекші қызметінен хабарлама келіп түскен.
“Абай ауданындағы "Игілік" аралығында Игілік-Бадам темір жолының 3266 км. учаскесінде 18 вагон аударылып кеткен. Оның ішінде 17 бос вагон бүйіріне аударылып кетті. Вагондар "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк поезының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Нәтижесінде әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған. Нәтижесінде темір жол төсемінің ішінара зақымдануы орын алды. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ”, - делінген жазбада.