Шымкент қаласында балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту үшін мемлекеттік спорттық тапсырыс табысты жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша ағымдағы жылы 18 спорт түрі бойынша 19 073 баланы спорттық секциямен қамтамасыз ету үшін 2 866,2 млн.теңге қаралған. Бүгінгі уақытта, 120 мердігер жұмыс жасауда.
Олар балаларды келесі спорт түрлерімен қамтып отыр:
• 15 олимпиадалық спорт түрі (баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, волейбол, көркем гимнастика, дзюдо, каратэ, таэквондо, жеңіл атлетика, теннис, үстел теннисі, футбол, жүзу);
• 2 олимпиадалық емес спорт түрі (футзал, шахмат);
• 1 ұлттық спорт түрі (қазақ күресі).
Келесі жылы мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыруға 3 909,0 млн теңге бағыттау көзделіп отыр. Бұл қаржыландыру спорттық секцияларға қамтылған балалар санын арттыруға және жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша секцияларға кезекке жазылу мен ваучер беру тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл жүйе ата-аналар мен балаларға спорттық үйірмелерді таңдауды жеңілдетіп, олардың қолжетімділігін арттырады.