Шымкентте 24 адамнан қауіпті індет анықталды

0
813

Оның ішінде 21 адамда ауру белгілері байқалған.


Шымкентте 24 адамнан қауіпті індет анықталды
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 9 қараша күні коронавирус жұқтырған 24 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 21 адамда ауру белгілері байқалған. Бүгінде 14 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 10 адам үй бақылауына алынды.

Қазірде мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 763 орын қаралған, төсек-орын толымдығы 31%-ды құрап, 526 төсек орын бос.
Инфекциялық стационарда 237 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 177 төсек орын бар, 51 науқас ем қабылдауда.