Шымкентте 4 адамнан коронавирус анықталды

0
315

Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 433 орын бар.


Шымкентте 4 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 6 желтоқсан күні КВИ-дің 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Барлығында ауру белгілері анықталып, инфекциялық стационарға жатқызылды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 433 орын бар, төсек орын толымдығы 26 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 113 науқас, жансақтау бөлімінде – 13 науқас ем қабылдауда.

Егу науқаны басталғалы Шымкентте 583 421 адам вакцинацияланды. Phizer вакцинасының I компонентін 6 186 адам қабылдады.