Шымкентте 4 құтқарушы қызмет барысында қаза болған

0
925

Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс барысында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерін еске алды.


Шымкентте 4 құтқарушы қызмет барысында қаза болған

19 қазан - Құтқарушылар күні қарсаңында бейбіт күннің батырлары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс барысында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерін еске алды.

Жыл басынан бері 138 техногенді және табиғи төтенше жағдай тіркелген. Қызметкерлер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтаған. Дегенмен, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендемеген. Қызыл жалынның ортасында жүретін төтеншеліктер қандай жағдай болса да өзгеге қол ұшын созуға дайын тұрады. Басын бәйгеге тіккен осындай 4 құтқарушы қызмет барысында мерт болған.

- Биыл карантиндік режимге байланысты үлкен іс-шаралар ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Дегенмен, департаменттің 25 жылдығына орай қаза тапқан әріптестерімізді еске алуды жөн көрдік. Біз құтқарушылардың қызметін әлеуметтік желіде жиі насихаттап отырамыз. Шындығында бұл сала аса жауапкершілік пен сақтықты талап етеді, - дейді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов.

Шымкенттегі «Абай» саябағында қаза тапқан құтқарушылар құрметіне ескерткіш орнатылған. Шара барысында департамент қызметкерлері марқұм болған әріптестерінің ерліктерін сөз етіп, руһтарына тағзым жасады.