Шымкентте 4 мыңға жуық адам Pfizer ​вакцинасын салдырды

0
298

Егу науқаны басталғалы барлығы 577 251 адам вакцинацияланды.


Шымкентте 4 мыңға жуық адам Pfizer ​вакцинасын салдырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 28 қараша күні КВИ-дің 7 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 6, белгілері жоқ – 1), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Барлығы үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 33%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 156 науқас, жансақтау бөлімінде 22 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 566 адам вакцина алды (I компонент-481, II компонент-85). Егу науқаны басталғалы барлығы 577 251 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 539 515 адам вакцинаның екі компонентін де алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 3 702 адам қабылдады.