Қазіргі таңда 3 құрылыс және 3 қайта құру нысандары пайдалануға берілді.
Шымкентте биыл 416,8 шақырым жол жөнделді. Оның 287,9 шақырымы осы жылы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, биыл автомобиль жолдарын дамытуға 32,3 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Бүгінде ұзындығы 13,3 шақырымдық 3 құрылыс және 3 қайта құру нысандары ел игілігіне жұмыс істеп тұр.
Т.Рысқұлов пен Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысының 3,3 шақырымдық инженерлік желілер мен 7500 текше метр жер жұмыстары атқарылды. Құрылыс жұмыстарының ІІ-кезеңі жаңа жылдан басталады.