Шымкентте 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас соғылған ғимараттан өрт шықты

0
635

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас соғылған ғимараттан өрт шықты

Шымкент қаласында 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлана соғылған ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 2023 жылы 12 қаңтар күні сағат 13:36-да Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданында болған.

"5 қабатты тұрғын үйге жапсарлана соғылған жалпы көлемі 210 шаршы метр құрайтын 2 қабатты ғимараттың көлемі 118 шаршы метр шатыры жанды. Өртті сөндіру барысында 2 дана кислородты баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сағат 14:18-де оқшауланып, сағат 14:31-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 8 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 38 адам, апаттар медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.