Шымкентте 500-ге жуық азаматтың үйді жалдау ақысын субсидиялау өтінімі мақұлданды

0
484

Өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын.​


Шымкентте 500-ге жуық азаматтың үйді жалдау ақысын субсидиялау өтінімі мақұлданды

Шымкент қаласында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 493 азаматтың өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өтінімдер Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап қабылданған болатын. Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева 40-қа жуық азаматты қабылдап, баспана мәселесіне қатысты түсіндіру жұмысын жүргізді. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар қатыса алады. Баспана ақысын субсидиялау үшін үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс. Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда. Сонымен қатар, субсидия алуға үміткердің «Отбасы банкте» депозиттік шоты болуы тиіс. Өтінімді рәсімдеу үшін жеке кабинетте төлемдерді алуға арналған өтініш пен дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімге қол қою қажет. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе енгізілген деректерді өңдеп, отбасы құрамын дербес анықтайды. Осыдан кейін отбасының кәмелет жасқа толған әрбір мүшесі «қонақ» мәрте­бесінде otbasy­bank.kz сайтына кіріп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге ЭЦҚ көмегімен қол қоюға тиіс. Жүйе деректерді қайта тексеріп, үміткердің субсидия алуға берген өтінімі мақұлданады.
Айта кетейік, атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негіделген. Атап айтқанда, 50 пайызы мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылса, қалған 50 пайызын пәтер жалдап тұратын азамат өзі төлейді. Мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған үміт­керлер ие бола алады.
Азаматтар тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша қосымша ақпаратты Бейбітшілік 3, мекенжайында орналасқан «Amanat» партиясының қалалық филиалындағы «Отбасы банк» қызметкерлерінен алуға болады