Шымкентте 61 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды

0
555

Осыған дейін субсидияланатын жұмыс орындарымен 8349 адам қамтылды.


Шымкентте 61 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды

Шымкентте 61 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 36 мың адамға жұмыспен қамтудың түрлі бағыттары бойынша қолдау көрсетілді. Жобада кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған.

Осыған дейін субсидияланатын жұмыс орындарымен 8349 адам қамтылды. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» жобалары бойынша жұмысқа орналасқан.
Бүгінгі таңға қала аумағында 25 462 жұмыс орны ашылған. Осылайша қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары асыра орындалды.