Шымкентте 8 мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалған

0
609

Бүгін сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 5800 абонент авариялық қызметтердің көмегімен қайта электр жүйесіне қосылды.


Шымкентте 8 мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалған

Шымкентте жауған нөсер жауын мен қардың салдарынан 8 мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, төтенше жағдайдың зардабын жоюға қаладағы коммуналдық қызметтер мен ТЖД 111 техникасы, жеке құрамнан 600 адам, сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның 24 апатты қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылған.

«Бүгін сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 5800 абонент авариялық қызметтердің көмегімен қайта электр жүйесіне қосылды. Қалған 12 нүктедегі 2200 абонентке электр қуатын беру жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.