Шымкентте аймақтық имамдар форумы өтіп жатыр

0
2 460

"Жеті рухани қазық" отансүйгіштікті дәріптейді.


Шымкентте аймақтық имамдар форумы өтіп жатыр

Үшінші мегаполисте "Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі" атты Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша аймақтық имамдар форумы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған форумға ҚМБД Төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов және қала имамдары, сонымен бірге, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының бас имамдары мен өңірдегі дін қызметкерлері қатысып жатыр.

Діни басқосуда – ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған "Жеті рухани қазық" Тұғырнамасы насихатталып, мұсылман жамағатын қоғамға пайдалы болуға, отансүйгіштікке, ізгілікке, бірлікке, мейірімділікке тәрбиелейтін адамгергершілік құндылықтарына үндеу жасалады.