Шымкентте ірі мөлшерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды.
Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен бағалы заттарды тонап кеткен алаяқ ұcталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылдың 11 тамыз күні Шымкент қаласының тұрғыны пәтерінен алтын бұйымдар, құнды сағат және ақша ұрланғаны жайлы қалалық Полиция департаментіне арызданған. Ұрылар үй иесіне шамамен 900 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Аталған оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлерімен айғақты заттар алынып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабымен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.