Шымкентте әлеуметтік қызметкерлер алғаш рет тест тапсырды

0
2 638

Шекті балл жинай алмаған қызметкерлерге санкция қолданбайды.


Шымкентте әлеуметтік  қызметкерлер алғаш рет тест тапсырды

Шымкентте 181 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тестілеуден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұндай сынақ қызметкерлердің өз міндеттері аясында этика талапты білу мен заңнамада көрсетілген стандарттарды орындау деңгейін анықтайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін сала мамандарын тестілеуден өткізу туралы бұйрығына сәйкес тест сынағына Шымкенттен 181 әлеуметтік қызметкер қатысты.
Біліктілігін сынағына медициналық-әлеуметтік мекемелердің директорлары, жұмыспен қамту орталығының директоры, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері қатысты.
Оларға негізгі блокта заңнаманы, этикалық талаптарды білуге және практикалық міндеттерді шешуге арналған сұрақтар қойылды. Мұндай тестілеу алғаш рет өткізілгендіктен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шекті балл жинай алмаған қызметкерлерге санкция қолданбайды.
Сынақтан өте алмағандар үшін оқыту семинары мен қайта тестілеу ұйымдастырылады. Ал, тестілеу шарасында жоғары нәтиже көрсеткендер лауазымын жоғарылатуға, маңызды жобаларға сарапшы болуға және кадр резервіне қосылуға мүмкіндік алады.