Шымкентте алғаш рет «РОБОШАҢЫРАҚ» отбасылық робототехника жарысы өтті

0
52

Жарыстың қорытындысы бойынша барлық 30 командаға І орын берілді.


Шымкентте алғаш рет «РОБОШАҢЫРАҚ» отбасылық робототехника жарысы өтті

Шымкентте RoboPark робототехника мектебінің ұйымдастыруымен балабақша тәрбиеленушілері мен ата-аналарына арналған алғашқы «РобоШаңырақ» робототехника жарысы өтті.

Сайысқа 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарынан құралған 30 команда қатысты.
Қатысушылар LEGO WeDo 2.0 конструкторы арқылы робот құрастырып, оған бағдарлама жасады, өз жобаларын таныстырды.
Жарыс барысында балалардың ойлау қабілеті, шығармашылығы мен өз ойын жеткізу дағдылары сыналды. Ал ата-аналары оларға қолдау көрсетіп, тапсырмаларды бірге орындады.
Жарыстың қорытындысы бойынша барлық 30 командаға І орын берілді. Барлық бала бірдей медальдармен марапатталып, олардың еңбегі мен белсенділігі атап өтілді.
«РобоШаңырақ» бастамасы балалардың технологияға қызығушылығын ерте жастан қалыптастырып, ата-ана мен бала арасындағы бірлескен шығармашылыққа мүмкіндік беруді көздейді.
Бөлісу