Шымкентте алғашқы вакцина медицина қызметкерлеріне салынады

0
2 516

Сонымен қатар, жедел жәрдем және емханалардағы мобильді топтың қызметкерлеріне салынатын болады.


Шымкентте алғашқы вакцина медицина қызметкерлеріне салынады

Шымкентке 1-кезеңде мың дана кви-ге қарсы вакцина жеткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының КВИ-ге қарсы вакцинацияны жеделдетіп бастау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында 19 қаңтарда Қарағанды фармацевтикалық кешені мен Ресей тікелей инвестициялар қоры арасында «Спутник V» вакцинасының 20 мың дозасын жеткізуге арналған шартқа қол қою жоспарлануда.

Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Осы жылғы 1 ақпанда егуге жататын халық топтарын КВИ-ға қарсы вакцинациялауды бастау көзделген. Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатындығын айтты.

Осы орайда, Шымкент қаласына бірінші кезеңде 1 ақпан күні Ресей Федерациясынан мың дана вакцина жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Оны алғашқы болып инфекциялық ауруханалардағы медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем және емханалардағы мобильді топтың қызметкерлеріне салынатын болады. Жалпы осы жылдың бірінші жарты жылдығында 100 мың дана вакцина жеткізіліп, кезең-кезеңімен қала тұрғындарына салынады.