«Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдер табылды.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілік алкоголь өнімін өндіру бойынша астыртын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдер табылып, тәркіленді.
"Сондай-ақ 1000 литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан астам бос бөтелкелер табылып, тәркіленді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды.
Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылуға жатады.