Шымкентте Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

0
2 378

Ол жайылымдарды суландыру үшін ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беретін құжатты алуға (бұл қызмет түрі тегін беріледі) жәрдемдесемін деп ЖШС өкілінен 1 млн 275 мың теңге пара алды деп күдікке ілінген


Шымкентте Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Шымкентте Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші депаратментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары Комитетінің «Су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» РММ бұрынғы бас маманы У. Алпысбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - деді аға тергеуші агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Ол жайылымдарды суландыру үшін ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беретін құжатты алуға (бұл қызмет түрі тегін беріледі) жәрдемдесемін деп ЖШС өкілінен 1 млн 275 мың теңге пара алды деп күдікке ілінген. «2020 жылдың 11 ақпанында Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен У. Алпысбаев 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деді Д. Бекайдаров.