Әскерилер жауынгерлік даярлығы мен бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігін ұйымдастыруда тәжірибе алмасты.
Шымкенттің механикаландырылған бригадасында рота сержанттарымен жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оқыту шеңберінде дене шынықтыру дайындығы, әскери техникаға қызмет көрсету, жеке құраммен жұмыс бойынша дәріс және нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.
Сержанттар бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігін ұйымдастыруда тәжірибе алмасты.
- Сержанттар – кез келген бөлімшенің негізі. Олар жеке құраммен тікелей жұмыс істейді. Бөлімшенің жауынгерлік дайындығы сержанттың басқаруға, бұйрықтар беруге және жауынгерлік міндеттерді орындауға қабілеттілігіне байланысты, - деді механикаландырылған бригаданың сержанты 1-сыныпты сержант Рауан Әлімбетов.
Жиын соңында бригаданың кіші командирлік құрамы қызметінің қорытындысы шығарды.
Сержанттарға сарбаздарды жеке оқытуда, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтауда, сондай-ақ күнделікті қызметті ұйымдастыруда маңызды рөл берілетінін атап өткен жөн.