Шымкентте азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту анықталды

0
2 418

Алты айдың ішінде 10 факт анықталды


Шымкентте азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту анықталды

Шымкент қаласында қылмыстық қудалау органдары азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартқаны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биылғы жылдың алты айында осындай 10 факті анықталып, анықталған заңсыздықтар прокурорлардың араласуымен жойылған.

Ал қала түрмелеріндегі бас бостандығынан айырылғандар екі қолға бір күрек тауып отыр. Сотталған азаматтарды жалақысы бар жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіш жоғарылаған. Пробациялық есепте тұрған 728 сотталғандардың 609-ы, яғни 89 пайызы ақылы жұмысқа тұрған. Бұл туралы жарты жылда атқарылған жұмысын қорытындылаған Шымкент қаласы прокуратурасы мәлімдеді.

Айта кету керек, еліміздің үшінші мегаполисінде қала аумағында қылмыс көлемі азайған. Криминогендік ахуал 15,4%-ға төмендеген. Былтыр бұл көрсеткіш 9080 болса биылғы жылдың алты айында 7880-ді құраған. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасында өткен алқа мәжілісінде қала прокуроры Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы айтты.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар былтырғыдан азайғаны байқалады. Өткен жылдың алты айында 39 қылмыс орын алса биыл бұл көрсеткіш 23-ке төмендеген. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны өткен жылдың жарты жылдығында 123 факті тіркелген болса биыл 94-ке азайған.