Шымкентте азық-түлік бағасын тұрақтандыратын меморандумдар түзілген

0
871

Тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар тауарларды (ұн, макарон, күнбағыс майы, қант) жеткізу үшін келісім-шарттар түзілді.


Шымкентте азық-түлік бағасын тұрақтандыратын меморандумдар түзілген
Шымкентте азық-түлік бағасын тұрақтандыратын меморандумдар түзілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар тауарларды (ұн, макарон, күнбағыс майы, қант) жеткізу үшін келісім-шарттар түзілді. Қалада азық-түлік қоры жеткілікті.

Бұл Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді.

Брифингте белгілі болғандай, азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін, әлеуметтік кәсіпкерлік-корпарациясы 11 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Gramad Retail» ЖШС-мен келісім шарт жасаған. Соның негізінде тауарлар бағасы аталмыш сауда орталығының 2 супермаркетінде, сонымен қатар қалада орналасқан 4 базарда және қолжетімді жерде орналасқан 44 бөлшек сауда дүкендерде тұрақтандырылған.

Сонымен қатар өңірлік азық-түлік тауарлары қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімімен азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру үшін жалпы 9 250 тонна оның ішінде (ұн - 6000 тонна, қант - 2000 тонна, күнбағыс майы - 250 мың литр, макарондар - 1000 тонна) тұрақтандыру қорына тауарларды сату арқылы интервенция жасау туралы шешім қабылданды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға байланысты сауалдарыңыз болса 39-50-55 телефонына хабарласуларыңызға болады.