Шымкентте базардағы шетел азаматтарымен жиын өтті

0
1 222

Полиция қызметкерлері ҚР халықтық көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауды ескертеді.


Шымкентте базардағы шетел азаматтарымен жиын өтті

ERNUR.KZ. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шымкент қаласының Тұран АПБ-ның көші-қон қызметкерлерімен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Авто-Нұр» сауда-саттық базарында 100-ден аса көршілес шетел азаматтарымен профилактикалық кездесу өтті.

Шара барысында қала аумағында шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау керектігі және де ҚР аумағында заңды жұмыс істеу ережелері түсіндірілді.
Мысал ретінде, биылғы жылы «Миргант- 2023» «Наемник - 2023» ЖПІШ барысында жұмыс істеу үшін келген шетел азаматтардың құжаттарының заңдылығы тексеріліп, ҚР халықтық көші-қон заңнамасының талаптарын сақтамаған 375 шетел азаматтарына хаттама толтырылып, оның ішінде 200 азаматқа айыппұл салынып, 40 азамат ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығарылғаны айтылды.
Осыған байланысты, полиция қызметкерлері көршілес алыс-жақын шетелден келген азаматтарға ҚР халықтық көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауды ескертеді.