Шымкентте бес жасар бала терезеден құлап кетті

0
533

Аталған оқиға жеке тұрғын үйде​ болған.


Шымкентте бес жасар бала терезеден құлап кетті

Шымкентте 5 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 18 қаңтар күні Самал-3 шағынауданында екі қабатты жеке тұрғын үйде болған.
"Ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 2-ші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала "аутизм" диагнозымен есепте тұр", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа деп бағаланып отыр.