Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 918 факті анықталды.
8-14 ақпан күндері Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының "102" арнасына түрлі сипаттағы 6226 қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылды. Олардың ішінде 3 ұрлық, 1 тонау, 2 бұзақылық және тағы басқа да қылмыстар.
Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстың ізін суытпай ашуға үлкен көмегі тиюде.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 918 факті анықталды.