Шымкентте биыл 7 гүлзар салынады

0
639

А.Асқаров атындағы дендросаябаққа – 15 мың дана ағаш отырғызу жоспарлануда.


Шымкентте биыл 7 гүлзар салынады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының осы жылы атқарылар жобаларымен танысты. Өткен жылдың есебін алып, кемшіліктер бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма басшысының мәліметінше, жасыл белдеуге - 1 267 500 дана, көше бойына – 50 дана, саябақтар мен гүлзарларға – 4 мың дана, А.Асқаров атындағы дендросаябаққа – 15 мың дана ағаш отырғызу жоспарлануда. ерекше қорғаудағы Қошқар ата аумағын қайта қалыпқа келтіруге және денросаябақ аумағын авто суару жүйесін орнатуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленетін болады. Одан бөлек, дендрологиялық саябақ аумағын қоршап, макет пен төлқұжат жаңартылады.
Тұрғындардың жайлылығы, қала көркі үшін 7 гүлзар салу жоспарланды: Төменгі Отырар шағынауданы, Сыра зауытының алды, Нұрсат шағынауданы №205 және 217-218 көп қабатты тұрғын үй маңында, МЖК Есіл мен Камал көшелерінің аралығы, қала кіреберісіндегі «Кілт» аумағы, Теріскей шағын ауданынан арбат салу.
М.Әйтенов қаланың экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жоспарлы түрде жұмыстар атқаруды, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды жоюды тапсырды. Қалдықтарды кәдеге жарату үшін, бөлек жинау тәртібін енгізу қажеттігін, егілген ағаштарға күтім мен қорғау шараларын жүргізуді жүктеді.