Шымкентте “Coca-Cola” зауытын салу жобасы талқыланды

0
554

Кәсіпорын іске қосылса, 100 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.


Шымкентте “Coca-Cola” зауытын салу жобасы талқыланды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инвестиция тарту мақсатында «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған дейінгі өткен кездесулер барысында талқыланған ұсыныстар негізінде Шымкентте сусын зауытын салу жобасы талқыланды. Инвестицияның жалпы көлемі 27 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылса, 100 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.

Бүгінде зауытты салуға сауда-логистикалық орталығының кеңейтілуге жоспарланған аумағынан 16 га жер телімі бөлініп отыр. Онда газдалған және газдалмаған сусындар, мұздатылған шайлар мен түрлі шырындар шығарылатын болады.