Мерекелік іс-шара барысында отбасылық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бүгін Шымкет қаласындағы Әл-Фараби алаңында«Денсаулық фестивалі – 2019» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталған фестивальдің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады және медицина ұйымдарының, фармацевтикалық копаниялардың жұмысымен танысты.
Атап айтсақ, кең ауқымда ұйымдастырылған акцияға қаланың мемлекеттік және жекеменшік 30-дан астам медициналық мекемелері қатысып, қала тұрғындарына білікті дәрігерлер қабылдау жүргізді және келушілерді денсаулыққа қажетті мәліметтермен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, фестиваль аясында жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету мастер-класс түрлерін көрсетіп, қала тұрғындарына өз жұмыстарын паш етсе, мектеп оқушылары жол ережелерін сақтау бойынша арнайы оқу-жаттығу жасап, спортшылар өз бағдарламаларын көрсетті.
Сондай-ақ, мәдениет қызметкерлері өнер көрсеткен «Денсаулық фестивалі – 2019» мерекелік іс-шарасында отбасылық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.