Шымкентте денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

0
164

2023 жылғы 2 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымында қызмет атқарып келді.


Шымкентте денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімдері бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайрат Жақыпұлы Қалыбеков тағайындалды.

Қайрат Жақыпұлы 1973 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында туылған, қазақ, білімі жоғары.
С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын және Қазақстан халықтар Достығы университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - Емдеу ісі, экономика.
Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласындағы амбулаторлы хирургия, травматология және гинекология орталығының хирургы болып бастаған.
1999-2014 жылдары түрлі медициналық мекемелерде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2016-2023 жылдары Шымкент қаласының денсаулық сақтау мекемелерінде жауапты басшылық қызметтер атқарды.
2023 жылғы 2 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері лауазымында қызмет атқарып келді.
Бөлісу