Дезинфекциялық тоннельдер «Акбар», «Жабық базар» секілді ірі сауда орындарына да қойылатын болады.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымкентте дезинфекциялық тоннельдер орнатыла бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мұндай қондырғы Қазыбек (Дулати көшесі бойындағы) азық-түлік базарының кіре берісіне орнатылды. Жақын күндері дезинфекциялық тоннельдер «Акбар», «Жабық базар» секілді ірі сауда орындарына да қойылатын болады.
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
"Осы ретте барлық кәсіпкерлерді сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз нысандарында осындай залалсыздандыру қондырғыларын орнатуға шақырамын. Бұл тұрғындар арасында қауіпті індеттің таралуының алдын алудағы шаралардың бірі.
Ал қала тұрғындарын аса қажеттіліксіз үйден шықпауға шақырамын. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзу арқылы сіз тек өзіңізге ғана емес, жақындарыңызға да қауіп төндіретініңізді ұмытпаңыз.", - деді шаһар басшысы.