​Шымкентте домбыраға 7 метрлік ескерткіш орнатылды

0
1 495

Биіктігі 7 метр ескерткіш ұлттық нақыштармен көмкерілген.


​Шымкентте домбыраға 7 метрлік ескерткіш орнатылды

Бүгін қала шырайына тағы бір кереметқосылып, 7 метрлік ДОМБЫРА ескерткіші ашылды, Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында «Ұлттық домбыра» күніне орай,Домбыра аспабына арнап орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан сарайының алдынан орын алған ескерткіштің ашылу рәсіміне қала тұрғындары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер мектебінің оқытушылары мен шәкірттері куә болды. Биіктігі 7 метр ескерткіш ұлттық нақыштармен көмкерілген.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Домбыра күнінің маңызына тоқталып, жаңа ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

- Бәріміз үшін қуанышты күн. Домбыра аспап қана емес, қазақтық жаны, философиясы деуге болады. Бұл құндылық қала тұрғындарына, жас ұрпаққа серпін береді деп ойлаймын.

Ескерткішті орнатуға қолдау көрсеткен қала мәслихатының депутаттарына, меценат азаматтарға өз алғысымды айтамын, - деді қала әкімі құттықтау сөзінде.

Мерекелікбағдарламада халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары орындалып, мерекенің әрін кіргізді.