Акцияға жалпы 200-ге жуық адам қатысты.
Шымкент қаласында 24-28 мамыр күндері қан тапсыру донорлық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Birgemiz Saulyq жалпыұлттық жоба аясындағы шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Акцияға қала тұрғындары, қалалық мәслихат депутаттары мен фракция мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар, блогерлер, спортшылар мен өнерпаздар және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, волонтерлер сынды жалпы 200-ге жуық адам қатысты.
Акцияның мақсаты - ұжымдық белсенділікті арттырып, қанға мұқтаж жандарға көмектесу. Донорлар тапсырған қан хирургиялық аурулар, гематологиялық, гинекологиялық ауруларға, ауыр жол апатына түскен науқастарға құйылады.