Шымкентте «Ең үздік рәміздік топ» байқауы өтті

0
459

Іс-шара 6506 әскери бөлімі оркестрінің Мемлекеттік Әнұранды орындауымен басталды.


Шымкентте «Ең үздік рәміздік топ» байқауы өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайы дәстүрлі түрде Шымкент қаласы мектептерінің рәміздік топтары арасында аудандық байқау ұйымдастырылды.

Аудандық байқау жеңімпаздарымен «Ең үздік рәміздік топ» байқауының суперфиналы Оқушылар сарайы базасында өтті.

Іс-шара 6506 әскери бөлімі оркестрінің Мемлекеттік Әнұранды орындауымен басталды. РҚБ «Жас ұлан» ұйымының туы жиынға енгізілді. Байқауда рәміздік топтар саптық жаттығу жасап; дабыл үнімен бір мезгілде жүруді бастап және аяқтап, дабылшылар берілген 5 маршты ойнады. Орталық Азия инновациялық институтының әскери дайындық факультетінің студенттері саппен жүріп өтті және «Рух» әнін орындады. Қатысушы командалардың барлығы саптық патриоттық әндер орындады. ІІ кезеңінде топ басшысы мен топ мүшесі Калашников автоматын берілген уақытқа шашып жинады.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде - №87 жалпы орта білім беру мектебі, І орын - №99 мектеп гимназиясы; ІІ орын - №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беру мектебі, ІІІ орын - №68 жалпы орта білім беру мектебі, белсене қатысқаны үшін – Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебі пен В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беру мектебі рәміздік топтары иеленді.
Топтың Калашников автоматын берілген уақытқа шашуы және жинауы жеке бағаланып, Бас жүлдені №68 жалпы орта білім беру мектебі оқушысы К.Пердебек және Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебі С.Сабиржанов; І орын - №87 жалпы орта білім беру мектебі, Н.Қаршыға мен Е.Әбдікамал , ІІ орын - №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беру мектебінен А.Абужапбар мен Ұ.Аманбай, ІІІ орын - №99 мектеп гимназиясынан И.Айдарбек пен пен В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы А.Шарманова иеленді.
Жеңімпаздар Қосымша білім беру оқу салалық орталығының мадақтама қағазымен марапатталды. Жүлделі орын иегерлеріне кубоктар табысталды.