Өткен бір тәулік ішінде 1 613 адам вакцина алды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында короновирус жұқтырғандар саны алдыңғы күнге қарағанда төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен тәулікте 63 адамнан ауру белгілері табылған. Оның ішінде белгілері бар - 41, белгілері жоқ - 22. Вирус жұқтырған 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 41 адам үй бақылауына алынды.
Бұдан басқа, қалада өткен бір тәулік ішінде 1 613 адам вакцина алды. Оның ішінде 803 азамат I компонентін алса, 810-ы II компонентін салдырған. Ал, егу науқаны басталғалы барлығы 172 986 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 79 357 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Жалпы қалада жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 424 158, тәулігіне 2388. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ 27 мамыр күні 218 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіді. Олар 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығын анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.