1992 жылы туған ер азамат зардап шегіп, 18% беті және екі қолының білегі 1 дәрежелі күйік шалған.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойында орналасқан «Жан Ойл» авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ жанып жатқанын анықтады.
Қызыл жалын 16:08-де оқшауланып, сағат 16:10-да толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.
Оқиға орнында газ құю бекетінде оператор жұмысын атқарып жүрген 1992 жылы туған ер азамат зардап шегіп, 18% беті және екі қолының білегі 1 дәрежелі күйік шалған. Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.
Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 21 адам, 7 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.