Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялар үлесінің жоғары болуы қаланың өндірістік әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды.
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында қалалық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов инвестициялық көрсеткіштер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
2026 жылдың қаңтар–наурыз айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 111,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі – 103,2 млрд теңге жеке инвестициялар есебінен қалыптасты. Бұл кәсіпкерлік белсенділіктің артқанын көрсетеді.
Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестициялар тарту жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялар үлесінің жоғары болуы қаланың өндірістік әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды.
Жалпы, Шымкентте инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту және экономиканы әртараптандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.


