Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Шымкентте бір апта бұрын із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды, деп жазады Stan.kz.
Қала көшесінде жатқан марқұмның денесін тұрғындардың бірі көріп, полиция шақыртқан. Полиция күдіктіні бірден тауып, қамауға алды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
“Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын өлтіру жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде”, – деді Шымкент қаласы полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев.