Шымкентте қала әкімі жол, денсаулық сақтау және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады

0
167

Мердігер ұйымдарға құрылыс қарқынын жеделдетіп, бекітілген жұмыс кестесінен кешігуге жол бермеу міндеті жүктелді.


Шымкентте қала әкімі жол, денсаулық сақтау және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысының барысын тексерді.

Жаңа жолайрықты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нысан іске қосылғаннан кейін бұл аумақтағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептеліс көлемін азайтуға және көлік ағынын тиімді бөлуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қала әкімінің аралауы барысында қалалық диагностикалық орталық ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесі қаралды. Нысан толық дайын, заманауи диагностикалық көмек көрсетуге қажетті жағдайлар жасалған. Орталықты жақын арада пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Құрылыс басқармасына анықталған ескертулерді жойып, нысанды пайдалануға беруге қажетті дайындық жұмыстарын жедел аяқтау тапсырылды.
Әл-Фараби және Тұран аудандарында Қонаев даңғылының жалғасы (V кезеңі) мен А-2 айналма жолын қайта жаңғыртудың (V кезеңі) барысы да тексерілді.
Аталған жол учаскелерінің іске қосылуы қаланың негізгі магистральдарына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мердігер ұйымдарға құрылыс қарқынын жеделдетіп, бекітілген жұмыс кестесінен кешігуге жол бермеу міндеті жүктелді.
Бұдан бөлек, қала әкімі №10 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы жағдаймен танысты. Мұнда I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ тұрақты күтімді қажет ететін қарттарға әлеуметтік және медициналық қолдау көрсетіледі.
Қазіргі таңда орталықта 70 адам қызмет алады, оның ішінде 13-і – мүгедектігі бар азамат. Ғабит Сыздықбеков қолдау көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, күтім сапасын арттыру, медициналық сүйемелдеуді күшейту және қызмет алушыларға қолайлы жағдай қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Бөлісу