​Шымкентте Қарулы күштер қатарынан 40 сарбаз оралып, 30-ы қызметке аттанды

0
252


​Шымкентте Қарулы күштер қатарынан 40 сарбаз оралып, 30-ы қызметке аттанды

Шымкент теміржол вокзалында әскерден қайтқан және әскер қатарына шақырылған сарбаздардың екі пойызы бір уақытта кездесті.

Теміржол вокзалының перронының екі жолында қызметтен запасқа босатылған сарбаздар мен әскерге шақырылушылар бас түйді. Ал Отан қорғаушыларды шығарып салу және қарсы алу үшін туыстары мен достары ғана емес, сонымен қатар ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен жергілікті әскери басқару органдарының басшылығы келді.

Әскер қатарына шақырылған жас жігіттердің кездесуі мен шығарып салулары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасы әскери оркестрінің шеру әуенімен өтті, бұл нағыз мерекелік атмосферасын құрды.
Вокзалда орын алған қуаныш пен жандану осы оқиғаға куә болғандардың барлығына әсерін жеткізді. Көкірекше мен көгілдір берет киген сымбатты десантшылар, кетіп жатқан жігіттердің ерекше назарын тартты. Олар да алдағы уақытта Отан қорғаушы атағын алу үшін нағыз ер-жігітттер мектебінің «түлектері» болуға асық екені сөзсіз.
Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев жауынгерлерге қызметі үшін, ал жастарға жасап жатқан ерлік қадамдары үшін алғысын жеткізді.
- Осыдан тура бір жыл бұрын біз осы теміржол вокзалынан қырық әскерге шақырылушыны десанттық-шабуылдау бригадасына қызметке жібердік. Қарулы күштердің осы беделді бөлімшесінде біз физикалық және психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалған жастарды ғана жолдаймыз. Енді олар батылдық эстафетасын інілеріне тапсыруда. Олар үшін бұл тамаша бастама, - деп атап өтті Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев.
Лайықты ұлдарын тәрбиелеген сарбаздардың ата-аналарына «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев ерекше алғысын білдірді.
– Біз балаларды бір вокзалдан және бір пойызбен қарсы алып, шығарып саламыз. Әрдайым біз туыстары мен жақындарының көз алдында кешегі жас бала болып әскерге кеткен ұлдарының, физикалық пен ішкі сенімділікті жинақ еткен жауынгер ер-жігіт болып оралғанына тәмсануды байқаймыз. Әрине, оның артында командирлердің, сержанттардың, нұсқаушылардың және сарбаздардың өздері көп жұмыс істеді, - деді ардагер.
Жауынгерлер үшін ұзақ айырысудан кейінгі алғашқы кездесу өте қызықты және шексіз бақытқа толы болды. Вокзалда кездескендер сарбаздарды қатты дауыстап қарсы алды. Кейбір әскери қызметшілердің достары оларды қолдарына көтеріп, бірнеше рет ауаға лақтырды. Ал жақын туыстары қатты құшақ сыйлады.
Бөлісу