Шымкентте кәсіподақтың белсенді мүшелері марапатталды

0
293

«Лайықты еңбек» жылында жеткен жетістіктерге ерекше тоқталып, қатысушылар «10 қазан - Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықталды.


Шымкентте кәсіподақтың белсенді  мүшелері марапатталды

Шаһарда «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті.

Жиынды «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ашты. Олар «Лайықты еңбек» жылында жеткен жетістіктерге ерекше тоқталып, қатысушыларды «10 қазан - Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан әлеуметтік әріптестер мен белсенді кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, «Қызмет» салалық кәсіподағының, Шымкент қаласы әкімінің және Шымкент қалалық маслихатының наградаларымен марапаттады.
Атап айтқанда, олардың арасында «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен» және «Қызмет» салалық кәсіподағының «Елеулі еңбек үшін» медалімен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Камиля Байтулешова, «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Сейтжапбаров пен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бас маманы Ақнұр Балғаевалар бар. Сондай-ақ, кәсіподақ саласында белсенді еңбек еткен бір топ азаматтар «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттар» марапатталды.
Бөлісу