Шымкентте «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі тойланып жатыр

0
4 775

Мереке викториналық сұрақтарға жауап берген тұрғындарға «Абайдың қара сөздері» атты кітабы сыйлыққа берілді.


Шымкентте «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі тойланып жатыр

Үкіметтің қаулысынегізіндеШымкент қаласында «Қазақстанхалқыныңтілдерікүні»мерекесін2-11 қыркүйекаралығындақалакөлемінде атап өту жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, атаулы мереке аясында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы бекіткеніс-шара жоспарына сәйкес «Арбат» демалыс орнында «Біз латынды қолдаймыз!» акциясы мен «Тілтаным» викториналық сауалнамасы және Бәйдібек би алаңындағы «Сарыжайлау» саябағында «Сөзмерген» викториналық сауалнамасы өтті.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Сөзмерген», «Тілтаным» викториналық сауалнамаларына қатысып, сұрақтарға жауап берген қала тұрғындарына «Абайдың қара сөздері» атты кітабы сыйлыққа берілді. Сонымен қатар, викториналық сұраққа белсене қатысқан қала тұрғындары арасында өзге ұлт өкілдері де болған.

Айта кетейік, ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойып, 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» болып бекітілген болатын.