Шымкентте келісім шартсыз құрылыс бастаған компанияға айыппұл салынды

0
342

Қала басшысының тапсырмасымен құрылыс шұғыл түрде тоқтатылып, компанияға қайта қалпына келтіру міндеттелді.


Шымкентте келісім шартсыз құрылыс бастаған компанияға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен Тұран ауданы аумағындағы Арғынбеков көшесі бойында басталған заңсыз жол құрылысы тоқтатылды.

“Пожтехмонтаж” ЖШС тарапынан көше бойындағы 80 метрге жуық аяқжол қопарылып тасталған. Компанияның мемлекеттік сатып алу конкурсы жеңімпазы болғанымен, тапсырыс беруші Тұран ауданымен әлі келісім шарт жасалмағаны анықталып отыр. Соған қарамастан компания жұмысшылары бекітілмеген аумақта құрылысты бастап кеткен. Бұл әрекет қазір тұрғындарға қолайсыздық тудыруда.

Қала басшысының тапсырмасымен құрылыс шұғыл түрде тоқтатылып, компанияға қайта қалпына келтіру міндеттелді. Сонымен қатар Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Заңының (505 бабы) “Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрлымы объектілерін бұзу” бойынша 40 АЕК айыппұл салынды.
Әкімдік тарапынан құрылыс жүргізуге жұмылдырылған мердігерлер арасында заңсыздықтарды алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.