Турнирдің негізгі мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, қала жастарының өзара қарым-қатынасын дамыту. Оған 14 пен 18 жас аралығындағы 160 жас футболшы қатысып, 16 команда өзара мықтыларды анықтады.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 16-17 қараша күндері ұлдар арасында кіші футболдан «Базар жастар лигасы» турнирі өткізілді.
Турнирдің кезеңдері:
• 16 қарашада іріктеу ойындары өтсе, оған Шымкент қаласының 16 командасы қатысты.
• 17 қарашада жүлделі орындар үшін жартылай финал мен финалдық кездесулер ұйымдастырылды.
Іріктеу кезеңінен өткен командалар жартылай финал мен финалда өзара мықтыларды анықтады. Нәтижесінде, келесі командалар жүлдегер атанды:
• 1 орын — «ALASH Qyrandary» командасы (жүлдесі: 10 планшет)
• 2 орын — «Olympic» спорт клубы (жүлдесі: 10 смартфон)
• 3 орын — «Дотар» ФК командасы (жүлдесі: 10 велосипед)
Турнир барысында жеке номинациялар бойынша да жеңімпаздар анықталды:
• Үздік қақпашы
• Үздік шабуылшы
• Үздік қорғаушы
• Үздік ойыншы
Бұл номинациялар бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар табысталды. Турнир жастар арасында достық пен ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ, спортқа деген қызығушылықты оятуға зор үлес қосты.
Еске салсақ, "Базар жастар лигасы" турнирі Шымкент қаласында жыл сайын өтіп тұрады. Турнир ұйымдастырылған сайын жастардан құралған көптеген командадан өтінім түсіп, ол турнир ережелері болйынша іріктеледі. Ұйымдастырушылар жастар арасындағы қызықты турнирдің маңыздылығы зор екенін айтады.