Шымкентте қолөнершілердің шеберлік сабағы өтті

0
2 873

Қолөнер бұйымдарының жасалу жолы мен қыр-сыры түсіндірілді.


Шымкентте қолөнершілердің шеберлік сабағы өтті

Шымкентте «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім – берекем» атты қолөнершілердің шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін қалалық көрме орталығында «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім – берекем» атты қолөнершілердің шеберлік сабағы өтті.

Жиынды Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Алпысбаева ашып, іс-шараның маңызына тоқталды.
Ұлттық өнердің жанашырлары, Ұлыстың ұлы күні алдындағы кезекті іс-шарамызға қош келдіңіздер! Биыл Шымкент қаласы әкімінің тікелей қолдауымен наурыз мерекесі ерекше ерте басталды. Мархабат Байғұт ағамыз айтқандай, "нәурізек келсе, наурыз басталды дей беріңіз" деп, біздің кітапхана бұл күнді салт-дәстүрдің бірі және бірегейі болған қолөнерге арнап отыр, – деді Гүлмира Батырбайқызы.
Аталған іс-шарада ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген №127 мектебінің ұстазы Ақбөпе Қайсарқызының шәкірттері №59 мектеп оқушыларына шеберлік сабағын өткізді. Сонымен қатар түрлі қолөнер бұйымдарының жасалу жолы мен қыр-сыры түсіндірілді. Жиын соңы тұсаукесер рәсімімен жалғасып, қазақтың тағы бір салт-дәстүрі насихатталды.