Аталған іс-шара «Бақытты отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылған.
«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында бизнесті дамытуға орай мемлекеттік грант иегерлері атанған аналарға тұрмыстық затар табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында бизнесті дамытуға орай мемлекеттік грант иегерлері атанған көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі аналарға тұрмыстық заттар – электр пеші мен тігін машиналарын тапсыру рәсімі өтті.
Атап айтсақ, бұл шара нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының Бірінші бағытымен, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағдарламамсы шеңберінде оқу куәліктеріне ие болған аналарға өз кәсіптерін өркендету мақсатында ұйымдастырылған.
«Ендігі кезекте тынбай еңбек етіп, мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде істеріңіздің дамуына үлестеріңізді қосуларыңыз керек»,- дейді «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламада аясында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтамасыз етілген отбасылардан 10 тігінші және 10 кондитер бар.