6 шілде Абай ауданы, Төлеметова көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан 4 жасар ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.
Құрметті ата-аналар! Шымкент қаласы ТЖД балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет мінез-құлық ережелерін еске салады.
- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;
- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.